2025 жылғы 10-11 қараша аралығында Алматы қаласында ҚР ҰҚО базасында "Қазақстан Республикасында туберкулез инфекциясын анықтау мен емдеудің негізгі аспектілері" атты дөңгелек үстел өткізілді, оған ҚР ДСМ, ҚР ІІМ ҚАЖК, ҚР ҰҚО өкілдері, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент  қалаларының орталық коммуникациялар қызметінің туберкулез инфекциясы бойынша үйлестірушілері /жауапты мамандары қатысты, ҚР ҒТП консультанттары. Аталған іс-шарада Астана қ. МЦФ ТИ үйлестірушісі Шынарбек Л "ТБ ТЖ байланыс тұлғаларын, оның ішінде 5 жасқа дейінгі балаларды анықтау, диагностикалау және профилактикалық емдеу нәтижелері" презентациясы ұсынылды.

Дөңгелек үстел жұмыс сапасын жақсарту үшін ТИ бойынша клиникалық хаттаманың жекелеген бөлімдеріне өзгерістер енгізу бойынша шешімдер қабылдаумен аяқталды.

Бұл күндері әлеуметтік желілерде қант диабеті, церебральды сал ауруы және басқа да созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық көмек пен дәрі-дәрмектерге қол жетімділіктің шектеулеріне тап болады деген жалған ақпарат таратылуда. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайды.

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулары бар пациенттерге медициналық көмектің көлемі мен сапасы бойынша кепілдіктер толық көлемде сақталатынына сендіреді.

ТМККК 11 АУРУДЫ ЕМДЕУДІ ҚАМТИДЫ

Жаңартылған тізбеге 11 нозология кіреді, олар бойынша медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде-пациенттің сақтандыру мәртебесіне қарамастан ұсынылады.

ТМККК пакетінде мыналар қалады:

2025 жылғы 3–9 қараша аралығында Дәрілік заттардың қауіпсіздігі апталығы (MedSafetyWeek) аясында Қалалық фтизиопульмонология орталығында дәрілік заттарды ұтымды және қауіпсіз қолдану туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды.

Орталықтың бөлімшелерінде және холлында стендтерге ақпараттық материалдар орналастырылып, экрандарда тақырыптық бейнеролик көрсетілді.

Ақпараттық материалдар сондай-ақ Орталықтың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланды.

Бұдан бөлек, пациенттер мен қызметкерлер арасында дәрілік препараттарды қауіпсіз қолдану қағидаларын сақтау маңыздылығына назар аударатын қысқаша ақпараттық хабарламалар таратылды.

Бүгінгі таңда әр елде ұлттық иммундау бағдарламасы бар және вакциналар көптеген аурулардың алдын алудың ең қауіпсіз және тиімді шараларының бірі болып саналады.

Бес онжылдықта ұлттық жоспарлы иммундау бағдарламалары дамыды және кеңейді, ал бүгінгі күні ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес, балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге кем дегенде 13 ауыр ауруға қарсы вакцинациялауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дәрі-дәрмектің жағымсыз әсерін бақылау бағдарламасының қатысушысы. Сондай-ақ, елде анықталған жағымсыз әсерлер туралы жедел деректер ДДСҰ-ның мониторинг орталығына жіберіледі.Дәрі-дәрмекті (оның ішіне екпе де кіреді) қолданғаннан кейін пайда болған жағымсыз әсер туралы хабарлаудың бірнеше әдісі бар.

1. ДЗСҰО сайтында жағымсыз әсер туралы хабарлама-картаны толтыру.

2. Дәрі-дәрмек өндірушісіне хабарласу, оның байланыс нөмірлерін әдетте медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан табуға болады.

3. DariKZ мобильді қосымшасының "сары карталар" қызметін пайдаланып хабарлама жіберу. Мобильді қосымша iOS және Android платформаларында қолжетімді. Бұл дәрігерлер мен фармацевтер үшін де, ем қабылдаушылар үшін де қолжетімді әрі ең жылдам әдіс болып саналады.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-17:00)

+7 701 451 3362 (24/7)