03.11.2025ж. бастап 07.11.2025ж. бойынша Астана қаласында ҚР ДСМ фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығының мониторингтік тобы жұмыс істейтін болады, фтизиатриялық көмек стандарттарының сақталуына, профилактикалық іс-шараларды іске асыруға, сондай-ақ халық арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында сектораралық ынтымақтастыққа мониторинг пен бағалау жүргізетін болады.

Екі күн жұмыс істегенде келдік:

«Туберкулез емделіп жатқан кезде неге алкоголь ішуге болмайды»

1. Алкоголь бауырға зиян.
Туберкулезге қарсы дәрілер бауырға ауырлық түсіреді. Алкоголь ішсе, бауыр аурулары — гепатит немесе цирроз пайда болуы мүмкін.

2. Алкоголь иммунитетті әлсіретеді.
Ағза аурумен күресуге қабілетсіз болып қалады, ем баяу жүреді.

3. Алкоголь дәрілердің әсерін төмендетеді.
Ол ағзадағы зат алмасуды бұзады, нәтижесінде дәрілер тиімді жұмыс істемейді, ал ауру емге төзімді болып кетуі мүмкін.

4. Алкоголь жалпы жағдайды нашарлатады.
Әлсіздік, жүрек айну, тәбеттің төмендеуі, ұйқысыздық және іштің ауруы байқалады.

Фтизиопульмонология орталығы ескертеді: алкогольді қолданбау – өкпе мен организмнің жалпы денсаулығын сақтаудың маңызды қадамы. Алкоголь иммундық жүйені әлсіретеді және тыныс алу жүйесінің аурулары, соның ішінде туберкулёз бен пневмония қаупін арттырады.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз – денсаулықты таңдаңыз!

Бүгін біздің орталықтың конференция залында қызметкерлерге арналған «Этика және деонтология» тақырыбында семинарлық сабақ өтті.

Іс-шараның мақсаты – медициналық қызметкерлердің кәсіби және адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру мен нығайту, сондай-ақ күнделікті тәжірибеде этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын талқылау болды.

Семинар барысында қатысушылар медициналық этиканың негізгі бағыттарын – науқастың тұлғасына құрметпен қарау, дәрігерлік құпияны сақтау, кәсіби шешімдер үшін жауапкершілік, сондай-ақ әріптестермен және пациенттермен өзара қарым-қатынас мәдениетін талқылады. Арнайы назар клиникалық тәжірибеде туындайтын этикалық жағдайларға және оларды шешудің тиімді тәсілдеріне аударылды.

📞 Қызметпен келесі тәсілдер арқылы байланысуға болады:

• Телефон арқылы қоңырау шалу:
  ☎ 607-118 — 08:00-ден 18:00-ге дейін
  📱 +7 701 451 3362 — тәулік бойы

• Өтініш жәшігіне өзіңіздің аты-жөніңізді және байланыс деректеріңізді көрсете отырып жазбаша өтініш қалдыруға болады. Өтініш жәшігі орталықтың әр блогында және бөлімшесінде орнатылған.

• СПҚ және ӘЭ бойынша жауапты тұлғамен жеке қабылдауға жазылу.

• Электрондық поштаға хат жазу:
  📧 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

📍 СПҚ жұмысының принципі — жедел әрекет ету:
әрбір жағдай мұқият талданып, туындаған сәтте бірден шешіледі.

🔹 Өтініштер науқастардан да, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелерінен де қабылданады.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-17:00)

+7 701 451 3362 (24/7)