23.09.2025 ж. - көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "қалалық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК фтизиатр дәрігері Б.К. Ермағамбетованың қатысуымен ҚТЖ ҰК АҚ - "Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының қызметкерлерімен Туберкулез мәселелері бойынша кездесу өткізді (ТБ анықтау, клиника, диагностика әдістері).
Дүниежүзілік пациенттер қауіпсіздігі күні аясында қалалық фтизиопульмонология орталығында пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелеріне арналған тақырыптық іс-шара өтті.
Іс-шара бағдарламасы мыналарды қамтыды:
15 қыркүйекте "AQNIET" кәсіподағының республикалық Спартакиадасы аяқталды, біздің орталықтың жалғыз өкілі, дәрігер анестезиолог-реаниматолог М.К. Жұманов "үстел теннисі" пәні бойынша жеке және командалық есепте бірінші орынды иеленді. Құттықтаймыз!
2025 жылғы 10 қыркүйекте Астана қаласының фтизиопульмонология орталығының базасында офлайн форматында міндетті контингентті флюорографиялық тексеруді жоспарлау, флюороқараулар мен туберкулинодиагностиканы цифрландыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел ҚФО директоры А.Б. Цепкенің төрағалығымен, Астана қаласы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, «ЦИТ» Даму ЖШС; БМСК ұйымдарының: бас дәрігерлердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарларының, бала және босандыру жөніндегі орынбасарларының, туберкулез жөніндегі үйлестірушілердің қатысуымен өтті.
Астана қ. ҚФО қаланың туберкулез аурудың әрбір жағдайлары бойынша жіберілген мүмкіндіктері тіркелген БМСК алдын алу шараларын ұйымдастыруға талдау және бағалау жүргізді (Цепке А.Б - Астана қ. ҚФО директоры).
Ұйымдастырылған ұжымдардағы ошақтар бойынша байланыста болған адамдарды тексеруге ерекше назар аударылды.
Жұмыс нәтижелері туралы келесі штабта баяндалсын.
