Медицина қызметкері ретінде сіз дәрілік заттардың қауіпсіздігін және пациенттеріңіздің денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарасыз:

✔ Пациенттермен дәрілік заттардың мүмкін болатын жағымсыз әсерлерін талқылаңыз;

✔ Оларды қалай алдын алуға немесе бақылауға болатынын түсіндіріңіз;

✔ Жағымсыз әсерлер байқалған жағдайда, қайда және қалай хабарлау керектігін көрсетіңіз.

Дәрілік заттардың қауіпсіздігін арттыру – бәріміздің ортақ міндетіміз.

Дәрілік заттардың қауіпсіздігі өзіңізден басталады.

Сіз пациент болсаңыз да, медицина қызметкері немесе денсаулық сақтау саласының өкілі болсаңыз да – әрқайсыңыз дәрілік заттардың қауіпсіздігін арттыруға өз үлесіңізді қоса аласыз.

Белсенді болыңыз – дәрілік заттарды қолданғаннан кейін байқалған күдікті жағымсыз әсерлер туралы өз дәрігеріңізге немесе Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығына хабарлаңыз.

#MedSafetyWeek – бұл дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған жаһандық ақпараттық науқан.

Науқан дәрілік заттар мен вакциналардың қауіпсіздігіне қатысты кең ауқымды тақырыптарды қамтиды:

  • жағымсыз әсерлердің алдын алу;
  • полипрагмазия (бір мезгілде бес және одан да көп дәріні қабылдау) мәселелері;
  • балалар мен жүкті әйелдерге арналған дәрілік препараттарды қабылдау ерекшеліктері;
  • дәрілердің жағымсыз әсерлерін азайтудағы пациенттер мен медицина қызметкерлерінің рөлі.

Сіздің және серіктестердің қолдауының арқасында бұл науқан бүгінде әлемнің 170-тен астам елінде жүзеге асырылуда.

ҚР ДСМ фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығының мониторингтік тобы өз жұмысын жалғастырды, "отбасылық дәрігерлер клиникасы" ЖШС, №5 Қалалық емханаға барды, ГЦФ ЦВКК жұмысына қатысты.

Сапардың негізгі мақсаты - туберкулездің алдын алу, анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін бағалау, сондай-ақ оларды іске асыруда ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету.

Астана қаласы әкімдігінің Қалалық фтизиопульмонология орталығының бөлімшелерінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің жаңалықтары мен мүмкіндіктері туралы қызметкерлер мен пациенттерге арналған ақпараттық-ағартушылық кездесу өтті.

Кездесу барысында мамандар МӘМС жүйесінің мақсаттары мен қағидаттары, азаматтардың жүйеге қатысу тәртібі, сондай-ақ сақтандырылған тұлғаларға берілетін жаңа мүмкіндіктер туралы әңгімеледі. Ерекше назар медициналық көмек алу мәселелеріне, тегін көрсетілетін қызметтер тізіміне, сақтандырылған мәртебесін тексеру тәсілдеріне және жарналарды төлеу ережелеріне аударылды.

Қатысушылар МӘМС аясында медициналық қызметтерге қол жеткізуге қатысты өзекті сұрақтарға жан-жақты түсініктеме алып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының байланыс деректері мен ресми ресурстарға пайдалы сілтемелері бар ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілді.

Мұндай кездесулер азаматтар мен медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттыруға, МӘМС жүйесіне деген сенімді нығайтуға және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-17:00)

+7 701 451 3362 (24/7)