2025 жылғы 10 қыркүйекте Астана қаласының фтизиопульмонология орталығының базасында офлайн форматында міндетті контингентті флюорографиялық тексеруді жоспарлау, флюороқараулар мен туберкулинодиагностиканы цифрландыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел ҚФО директоры А.Б. Цепкенің төрағалығымен, Астана қаласы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, «ЦИТ» Даму ЖШС; БМСК ұйымдарының: бас дәрігерлердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарларының, бала және босандыру жөніндегі орынбасарларының, туберкулез жөніндегі үйлестірушілердің қатысуымен өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: міндетті контингентті флюорографиялық тексеруді жоспарлауды, флюорографиялық тексерулер мен туберкулин диагностикасын цифрландыруды жетілдіру.
Кеңесте флюро тексеруге міндетті контингентті және туберкулин диагностикасына қатер тобындағы балаларды жоспарлауды цифрландыру бойынша ұсыныстар талқыланды.
Жұмыс нәтижесі бойынша қаланың БМСК флюорографияға міндетті контингентті, сондай-ақ туберкулин диагностикасына қатер тобындағы балаларды жоспарлау бойынша ұсынымдар қарары қабылданды.
