Туберкулез ұзақ уақыт бойы белгілерін байқатпауы мүмкін, бірақ оның алдын алуға болады.
Егер сіз туберкулезбен ауырған адаммен байланыста болған болсаңыз, міндетті түрде тексерістен өтіп, қажет болған жағдайда — алдын алу емін қабылдау маңызды.
Тексеру тегін, мамандардың бақылауымен жүргізіледі. Өзіңіздің өңірлік емханаңызға жүгініңіз — дер кезінде жүргізілген профилактика туберкулез қаупін 10–12 есеге дейін төмендетеді.
Алдын алу емі туберкулезбен ауырған адаммен байланыста болған немесе қауіп тобына жататын адамдарға тағайындалады.
Профилактиканың мақсаты — аурудың дамуын болдырмау, ерте анықтауды қамтамасыз ету және балалар мен ересектердің денсаулығын қорғау.
Мұндай ем туберкулездің ерте кезеңде дамуын тоқтатуға көмектеседі, дәрігердің бақылауымен жүргізіледі және әдетте жақсы көтерімді. Ол қауіпсіз және аурудың даму қаупін едәуір азайтады.
Өзіңізді қорғаңыз — дер кезінде жүргізілген профилактика денсаулықты сақтайды!
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтіледі.
Бұл күн — АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдауға, өмірден өткендерді еске алуға, сондай-ақ АИТВ инфекциясының алдын алу мен емі туралы ақпараттандыруға арналған маңызды дата.
Міне, бірнеше негізгі фактілер:
🔴 Қызыл лента — АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға ынтымақтастықтың халықаралық символы.
🔬 Бүгінде АИТВ — бақылауда болатын ауру: дер кезінде ем қабылдаған адамдар ұзақ әрі толыққанды өмір сүре алады.
💬 Ашық әңгіме, тестілеу және алдын алу шаралары инфекцияның таралуын азайтуға көмектеседі.
Қызметпен келесі тәсілдер арқылы байланысуға болады:
• Телефон арқылы қоңырау шалу:
☎ 607-118 — 08:00-ден 18:00-ге дейін
📱 +7 701 451 3362 — тәулік бойы
• Өтініш жәшігіне өзіңіздің аты-жөніңізді және байланыс деректеріңізді көрсете отырып жазбаша өтініш қалдыруға болады. Өтініш жәшігі орталықтың әр блогында және бөлімшесінде орнатылған.
• СПҚ және ӘЭ бойынша жауапты тұлғамен жеке қабылдауға жазылу.
• Электрондық поштаға хат жазу:
📧 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
📍 СПҚ жұмысының принципі — жедел әрекет ету:
әрбір жағдай мұқият талданып, туындаған сәтте бірден шешіледі.
🔹 Өтініштер науқастардан да, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелерінен де қабылданады.
Егер сізге медициналық көмек көрсетуден себепсіз бас тартылса немесе медициналық көмек алу кезінде қиындықтар туындаса, сол емханадағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет.
Ол жерде мәселеңіз шешілмеген жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра аласыз:
- Қордың msqory.kz ресми сайты
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
- Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
- 1414 байланыс орталығы
Қалалық фтизиопульмонология орталығында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар инспекторы Баймбетов С. Қ. жүргізген өрт қауіпсіздігі бойынша практикалық оқу-жаттығу өтті. ҚКБ және РДБ қызметкерлері үшін өрт шыққан жағдайда әрекет ету алгоритмдерін және ғимараттан эвакуациялау тәртібін пысықтауға бағытталған оқыту сабақтары ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығу барысында персоналға өрт кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібі, сондай-ақ жедел қызметтермен өзара әрекеттесу ерекшеліктері түсіндірілді. Практикалық бөлімге шартты түрде эвакуация жүргізу, қызметкерлердің жедел әрекет етуге дайындығын тексеру және өрт сөндіргіштерді қолдана отырып шартты ошақты сөндіру дағдыларын пысықтау енгізілді.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға және медициналық мекемедегі қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.
