Туберкулез ұзақ уақыт бойы белгілерін байқатпауы мүмкін, бірақ оның алдын алуға болады.
Егер сіз туберкулезбен ауырған адаммен байланыста болған болсаңыз, міндетті түрде тексерістен өтіп, қажет болған жағдайда — алдын алу емін қабылдау маңызды.
Тексеру тегін, мамандардың бақылауымен жүргізіледі. Өзіңіздің өңірлік емханаңызға жүгініңіз — дер кезінде жүргізілген профилактика туберкулез қаупін 10–12 есеге дейін төмендетеді.
Алдын алу емі туберкулезбен ауырған адаммен байланыста болған немесе қауіп тобына жататын адамдарға тағайындалады.
Профилактиканың мақсаты — аурудың дамуын болдырмау, ерте анықтауды қамтамасыз ету және балалар мен ересектердің денсаулығын қорғау.
Мұндай ем туберкулездің ерте кезеңде дамуын тоқтатуға көмектеседі, дәрігердің бақылауымен жүргізіледі және әдетте жақсы көтерімді. Ол қауіпсіз және аурудың даму қаупін едәуір азайтады.
Өзіңізді қорғаңыз — дер кезінде жүргізілген профилактика денсаулықты сақтайды!

