Әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Бұл 12 миллионнан астам адам.

Әдетте ата-аналар 18 жасқа толған балалары әрі қарай да МӘМС аясында медициналық көмек алуын жалғастыра ма деп сұрайды. Мәртебені жоғалтпаудың бірнеше жолы бар.

1. Егер бала 18 жасқа толған кезде мектепте оқыса немесе ары қарай жоғары оқу орнына түссе, күндізгі бөлімде оқитын тұлға ретінде жеңілдік санатында қалады.

2. Егер баланың мүгедектігі болса, мемлекет жасына қарамастан жарна төлеуін жалғастырады. Себебі бұл тұлғалар да жеңілдік санатына кіреді.

Ресми түрде жұмыс істемейтін, бірақ табыс табатын адамдар МӘМС жарналарын да, басқа да міндетті төлемдерді төлемейді. Алайда кей жағдайларда сақтандырудың болуы шешуші рөл атқарады.

Жоспарлы медициналық көмек қажет кезде азаматтың мәртебесі сақтандырылмаған болса, медициналық қызметтерді ақылы түрде алуға тура келеді. Бір ғана диагноз қою үшін ондаған, тіпті жүздеген мың теңге қажет болуы мүмкін (мысалы, бір дәрігердің кеңесі – 10 000 теңге, талдаулар – бір көрсеткішке 2 500 теңгеден басталады, КТ – 15 000 теңгеден, МРТ – 25 000 теңгеден).

Медициналық көмек туралы, сондай-ақ МӘМС жүйесіндегі өзгерістер бойынша (емхана мен аурухана деңгейіндегі медициналық көмек, диспансерлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, госпитализациялау, медициналық көмектің сапасы, медициналық персонал тарапынан болған бұзушылықтар мен шағымдар және т.б.) нақты әрі толық ақпаратты мына ресми арналар арқылы алуға болады:

📞 1414 – Бірыңғай байланыс орталығы

💬 SAQTANDYRYBOT – Telegram-бот

📱 QOLDAU 24/7 – мобильді қосымша

🌐 EGOV.KZ және EGOV MOBILE – электрондық үкімет порталы мен мобильді қосымшасы

🏥 Тіркелген емханаңызда – тіркеу орны немесе жауапты мамандар

Ақпарат алу үшін тек ресми көздерге жүгінулеріңізді сұраймыз.

Қазақстанда 1,5 млн адам артериялық гипертензия диагнозымен есепте тұр. Жыл сайын инсульт, миокард инфарктісі сияқты артериялық гипертензияның 50 мыңнан астам асқынуы тіркеледі.

Мұндай пациенттер кардиологқа тұрақты түрде барып, тексерулерден (ЭКГ, СМАД, холтер) өтіп, дәрі-дәрмектерді жүйелі қабылдау қажет. Ал асқынулар туындаған жағдайда бірнеше жүз мыңнан бірнеше миллион теңгеге дейін жететін операциялар қажет болуы мүмкін.

2026 жылдан бастап сақтандырылған азаматтарға қажетті медициналық көмектің барлығы МӘМС есебінен көрсетіледі. Егер мәртеңіз сақтандырылған болмаса, алдын ала бір жылға 51 000 теңге (айына 4 250 теңге) төлеу арқылы алуға болады.

Астана қаласындағы Фтизиопульмонология қалалық орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға мекеме басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Салтанатты шара барысында орталық директоры Цепке Анна Борисовна барша қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік күні елдің тәуелсіздігінің, бірлігінің және тұрақты дамуының символы екенін атап өтті. Сонымен қатар, ұжымға адал еңбек, жоғары кәсіби шеберлік және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірілді.

Іс-шара аясында ұзақ жылғы адал еңбегі мен кәсіби міндетке адалдығы үшін «Денсаулық сақтау үздігі» медалімен марапатталды:

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-17:00)

+7 701 451 3362 (24/7)