Астана қаласындағы Фтизиопульмонология қалалық орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға мекеме басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Салтанатты шара барысында орталық директоры Цепке Анна Борисовна барша қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік күні елдің тәуелсіздігінің, бірлігінің және тұрақты дамуының символы екенін атап өтті. Сонымен қатар, ұжымға адал еңбек, жоғары кәсіби шеберлік және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірілді.
Іс-шара аясында ұзақ жылғы адал еңбегі мен кәсіби міндетке адалдығы үшін «Денсаулық сақтау үздігі» медалімен марапатталды:
- экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі директордың орынбасары Хамитова Софья Бекетовна;
- ЦВКК дәрігері Ракишева Жанна Калижановна.
Астана қаласының әкімдігінің Фтизиопульмонология қалалық орталығы баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Сіздерге бейбітшілік, тұрақтылық, амандық және еліміз игілігіне жаңа жетістіктер тілейміз!
