2025 жылғы 3–9 қараша аралығында Дәрілік заттардың қауіпсіздігі апталығы (MedSafetyWeek) аясында Қалалық фтизиопульмонология орталығында дәрілік заттарды ұтымды және қауіпсіз қолдану туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды.
Орталықтың бөлімшелерінде және холлында стендтерге ақпараттық материалдар орналастырылып, экрандарда тақырыптық бейнеролик көрсетілді.
Ақпараттық материалдар сондай-ақ Орталықтың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланды.
Бұдан бөлек, пациенттер мен қызметкерлер арасында дәрілік препараттарды қауіпсіз қолдану қағидаларын сақтау маңыздылығына назар аударатын қысқаша ақпараттық хабарламалар таратылды.
