60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің төртінші отырысы 2024 жылдың 04 шілдесінде сағат 16-да Астана қаласы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы мекен-жайы бойынша «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде өтті.

Отырыстың күн тәртібі:

  1. Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК 2023 жылғы даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті келісу туралы (баяндамашы - директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С.Б. Хамитова).
  2. Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК-ның 2023 жылғы қаржылық есептілік аудитін алдын-ала бекіту туралы (баяндамашы- директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С.Б. Хамитова).
  3. Жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері туралы. Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК-ның 55 жасқа толған қызметкерлеріне зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін арнайы әлеуметтік жәрдемақы төлеу (баяндамашы директор А.Б. Цепке).

Талқылаулардан кейін күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

АНОНС! Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы»  ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жариялы түрде талқылау жүргізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы»  ШЖҚ МКК, 2024 жылғы 5 шілдедегі №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ҮЛГІЛІК БАЗАЛЫҚ БАҒЫТЫНЫҢ жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жариялы түрде талқылау жүргізуді жоспарлайды.

Осыған орай, барлық мүдделі тұлғаларды 2024 жылдың 05 шілдесінде сағат 11:00-де Астана қ., Железнодорожный тұрғын алабы, А1 көшесі, 5-құрылыс (40-шы станция) мекен-жайы бойынша бірінші қабаттағы Б блогының акт залында өткізілетін іс-шараға қатысуды сұраймыз.

21.06.2024 ж. "Фтизиопульмонология орталығы" базасында МСАК медбикелері мен қала стационарлары үшін "Тікелей бақыланатын емдеу кабинетінің және қақырықты жинау кабинетінің медбикесінің жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Қатысушылар қолданыстағы нұсқаулықтармен, регламенттейтін құжаттармен және осы кабинеттердің мазмұны бойынша нормалармен танысты. Қақырық жинауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар, тікелей бақыланатын емдеуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар, режимдік кабинеттер медбикелерінің функционалдық міндеттері, медициналық есепке алу құжаттамасын жүргізу қамтылды.

19.06.2024 жылы Астана қ. МСҚ базасында МСАК-та флюорография мен туберкулинодиагностиканы жоспарлау бойынша ZOOM-конференция өткізілді. Конференцияға онлайн және офлайн режимде фтизиопульмонология орталығының директоры А.Б. Цепке, мониторинг және бағалау, эпидемиология және статистика орталығының басшысы; ГЦФ МИО тобы, Астана қ. МСАК өкілдері, учаскелік фтизиатрлар қатысты.

Қалада туберкулезге қарсы жүргізілетін іс-шаралардың сапасын жақсарту үшін, туберкулезді уақтылы анықтау үшін, қажет: №214 бұйрыққа сәйкес флюорография жоспарын қайта қарау, тәуекел тобын кеңейту; учаскелер бөлінісінде жасөспірімдердің флюорографиялық жоспарына 100% қосу; №214 бұйрыққа сәйкес Манту сынамасының жоспарын қайта қарау, балалар арасындағы тәуекел тобын кеңейту.

Астана қаласының қалалық фтизиопульмонологияорталығының ұжымы әріптестерін келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтайды! Денсаулық-бастыбайлық, онсыз кез-келген адамның бақытты жәнетолыққанды өмірі мүмкін емес, сондықтан сіздіңеңбегіңіз әрқашан сұранысқа ие және құрметтіболып қала береді. Дәрігерлердің, медбикелердің,кіші медицина қызметкерлерінің, дәріханаларжелісінің қызметкерлерінің адамдарға деген қамқорлығы мен назары үшін қажырлы еңбегі еңтерең ризашылыққа лайық. Шынында да, өз өмірінадамдардың денсаулығын сақтаумен байланыстырған әрбір адамның үлесі баға жетпес.Ең маңызды және адамгершілік мамандықтардыңбірін таңдағандардың барлығына зор денсаулық,отбасылық амандық және кәсіби табыс тілейміз.Сізге және сіздің отбасыларыңызға бейбітшілік,жылулық, өркендеу және амандық!

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-18:00)

+7 701 451 3362 (24/7)
© Copyright 2025 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.