60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

1 маусымда қалалық фтизиопульмонология орталығында Балаларды қорғау күніне және оқу жылының аяқталуына арналған мерекелік салтанатты іс-шара өткізілді.

Әкімшілік ұзақ стационарлық емделіп жатқан барлық балаларды мерекемен құттықтады. Түлектерге естелік сыйлықтар табысталды. Аниматорлардың қатысуымен құттықтау ұйымдастырылды. Асфальтта сурет салу байқауын өткізді.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ШЖҚ МКК "ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНДА" СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін 24.05.2023 ж.Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК "Фтизиопульмонология орталығында Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Кенебаева Алмагүл Еркінқызы баяндама жасап, құқық түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түбегейлі күрес үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоюдың маңыздылығын атап өтті. Ол сыбайлас жемқорлық және  құқық бұзушылық жасаған әрбір адамға қатаң жаза қолдану туралы хабарланғанын айтты.

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізу туралы АНОНС.

2023 жылғы 22 мамырдан 2023 жылғы 21 маусымға дейін Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Орталық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) орталықтың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) орталықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
tubdis_astana@mail.ru
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.