60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.12.2024 ж. хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылғы 1-10 қаңтар аралығында туберкулез ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша жедел штаб өткізілді.

 

Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК, 2025 жылғы 22 қаңтар айында № 7 қалалық емханада туберкулез саласындағы адвокатура, коммуникация және әлеуметтік жұмылдыру жөніндегі іс - шаралар шеңберінде АМСК профилактикалық бөлімшелерінің меңгерушілері мен АБӘЖ бойынша жауапты тұлғалардың қатысуымен семинар - кеңес өткізді.

30.12.2024 жылы Астана қ. фтизипульмонология орталығының балалар бөлімшесінде мұғалімдермен және балалар бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге туберкулезбен "зардап шеккен" балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтті. Мерекелік бағдарлама сиқырға толы болды, ертегі кейіпкерлерінің - аниматорлардың, Жаңа жылдың басты кейіпкерлері – Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен барлығы бірге нағыз мереке атмосферасын құрды, ойындар ойнады, өлеңдер айтып, ән айтты. Жаңа жылдық шырша фтизиопульмонология Орталығы Әкімшілігінің және Данияр мен Әсел шет елдердегі көптен бергі достарының сыйлықтарын табыстаумен аяқталды. Мереке үшін барлығына рахмет!

2024 жылдың 30 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің 2024 жылғы сегізінші отырысы сырттай дауыс беру нысанында өтті.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК Бақылау кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

Сырттай дауыс беру бойынша ұсынылған қол қойылған бюллетеньдердің қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-18:00)

+7 701 451 3362 (24/7)
© Copyright 2025 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.