21.02.2025 жылы Астана қ. Қалалық фтизиопульмонология орталығында ҚФО басшысының қатысуымен, туберкулез жөніндегі үйлестірушілердің, АҚКӘЖ-СӨС АМСК қатысуымен онлайн режимде кеңес өтті. Электрондық ақпараттық - білім беру материалдарын, роликтерді тарату; «Туберкулез туралы айт» әлеуметтік желілерінде челлендж өткізуге қатысу; апта сайынғы іс-шараларды өткізу бойынша жоспарлар ұсыну мәселелері қаралды.
24 ақпаннан 24 наурызға дейін республиканың барлық өңірлерінде Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай туберкулездің алдын алу жөніндегі айлығы: "Иә! Біз ТУБЕРКУЛЕЗДІ жеңе аламыз миндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз"; «Да! Мы можем победить ТУБЕРКУЛЕЗ: обязуемся, инвестируем, действуем»; «Yes! We Can End TB: Commit, Invest. Deliver»
Туберкулезге қарсы күрес күні 2025 жылдың 24 наурызына сәйкес келеді және әлемдік қоғамдастық үшін үлкен маңызға ие. Бұл күн күнтізбенің қызыл күні болып саналмайды, бірақ бұл аурудың ауырлығы мен онымен күресу қажеттілігі туралы қоғамды хабардар етуде маңызды рөл атқарады.
Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің екінші отырысы 2025 жылғы 14 ақпанда сағат 15.00-де «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде Астана қаласы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы мекенжайы бойынша өтті.
Отырыстың күн тәртібі:
- Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер лауазымына үміткерлерді қайта қарау және Байқау кеңесінің шешімін анықтау туралы (баяндамашы директор - А. Цепке);
Талқылаудан кейін күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.