АНОНС!
Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АҚПАРАТ.
«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ 2025 жылғы 27 наурызда бекітілген Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін (бұдан әрі – СЖТІТ) ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес және 2025 жылға №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» үлгілік негізгі бағытын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 2 маусымынан бастап 14 шілдесіне дейін Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – ҚФО) қызметіне СЖТІТ жүргізілетін болады.
10 наурыз бен 16 наурыз аралығында Астана қаласы бойынша тіркелген туберкулез жағдайлары туралы ақпарат берілді. Туберкулез жағдайлары тіркелген қаланың МСАК алдын алу шараларын ұйымдастыруға талдау және бағалау жүргізілді, аурудың әрбір жағдайы бойынша жіберіп алынған мүмкіндіктер (Цепке А.Б – Астана қ. МЦФ директоры).
Алдыңғы штабтың аталған ескертулері бойынша қабылданған шаралар тыңдалды, оларға баға мен ұсынымдар берілді:
"Biolab Pharm" ЖШС "Premier Med Clinic":
1. ҚазАТК Ақмола колледжінің 1 курс студентінің 2024 жылғы маусым айындағы флюорограмманы қайта оқу нәтижелерін ұсыну.
2. ҚазАТК Ақмола колледжінің 11 оқытушысына қосымша зерттеу жүргізу, нәтижелері туралы штабтың кезекті отырысында баяндалсын.
Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Бақылау кеңесінің үшінші отырысы 2025 жылғы 16 мамырда сағат 15:00-де, Астана қаласы А1 көшесі, Б блогы. 5-үй мекен - жайында “ Zoom” платформасы арқылы онлайн режимінде өтті.