60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті. Ұжым әйелдер жартысына құттықтау сөздерімен қызметкерлер дәрігер Серік Жидебайұлы Оразбаев, IT бөлімінің бастығы Олег Максимович Беспалько жүгінді. Мерекелік концерт ұйымдастырылып  оған техникалық бөлімінің  қызметкерлері қатысты.

2023 жылдың 24 ақпаны мен 2023 жылдың 24 наурызы аралығында «Біз туберкулезді жеңе аламыз», «Мы можем победить туберкулез», «Yes. We Can End TB» ұранымен туберкулезбен күреске арналған ай өткізіледі

 Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні жыл сайын 24 наурызда туберкулез және осы ауруды жою жөніндегі күш-жігер туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында атап өтіледі.

 Айлық аясында біз туберкулез туралы пайдалы ақпаратпен бөлісеміз

 Туберкулез туралы барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайын боламыз.

Жыл сайын барлық бірінші сынып оқушыларына манту сынамасын жүргізеді, одан кейін кейбір балаларға БЦЖ екпені салады. Манту сынамасында туберкулинді тері астына енгізеді, ол балада туберкулезден иммунитеттің барын не жоғын бағалауға көмектеседі. Егер 3 күннен кейін Манту сынамасы қойылған жері өзгерген жоқ, немесе укол салынған жері ғана көрінсе, онда сынамасының нәтижесі - теріс. Бұл әрбір балаға перзентханада қойылатын БЦЖ екпеден кейін иммунитет аяқталды дегенді білдіреді. Демек, туберкулезден сақтану үшін вакцинациялауды қайта өткізу қажет. БЦЖ екпені Манту сынамасынан 3 күннен- 2 аптаға дейін мерзімі өткеннен кейін қояды.

Егер Манту сынамасы қойылған жердің тері қызарып, аздап ісінсе - Манту сынамасы көлеміне қарай бағаланады - "күмәнді", "оң" немесе "гиперергиялық". Осы топтың балаларына БЦЖ қойылмайды, өйткені оларда табиғи иммунитет қалыптасты: мүмкін олар туберкулез таяқшамен кездескен болатын немесе туберкулинге аллергия бар немесе жұқтыру бар және оларға дәрілік препараттарды қабылдау қажет болуы мүмкін.

Манту сынамасы туралы орныққан дақпырттар:

Қалалық фтизиопульмонология орталығы Ұлттық аккредиттеудің бірінші санатына ие болды. Міне, Жаңа жылға өздеріне осындай сыйлық жасалды!)))

Біздің орталық денсаулық сақтаудағы сапа бойынша аккредиттеу орталығы тарапынан қызметті бағалаудан сәтті өтті. Орталыққа бірінші санат берілді! Аккредиттеу орталығы Қазақстанның медициналық ұйымдарын аккредиттеуді жүзеге асыратын жалғыз аккредиттеуші ұйым болып табылады

Медициналық ұйымдарды аккредиттеу-бұл денсаулық сақтау ұйымында халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапалы, уақтылы, белгілі бір деңгейі үшін жағдайлардың болуын, Денсаулық сақтау жүйесінде стандарттардың сақталуын ресми мойындау.

Біздің орталықта оқушыларымыз үшін жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Балалар үшін ертегі кейіпкерлерімен театрландырылған қойылым өткізілді.

Кішкентай пациенттер қуана ән айтып, байқауларға қатысып, өлең айтты. Ал Аяз Ата мен Ақшақар балаларды құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
tubdis_astana@mail.ru
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.