60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Манту туралы

Жыл сайын барлық бірінші сынып оқушыларына манту сынамасын жүргізеді, одан кейін кейбір балаларға БЦЖ екпені салады. Манту сынамасында туберкулинді тері астына енгізеді, ол балада туберкулезден иммунитеттің барын не жоғын бағалауға көмектеседі. Егер 3 күннен кейін Манту сынамасы қойылған жері өзгерген жоқ, немесе укол салынған жері ғана көрінсе, онда сынамасының нәтижесі - теріс. Бұл әрбір балаға перзентханада қойылатын БЦЖ екпеден кейін иммунитет аяқталды дегенді білдіреді. Демек, туберкулезден сақтану үшін вакцинациялауды қайта өткізу қажет. БЦЖ екпені Манту сынамасынан 3 күннен- 2 аптаға дейін мерзімі өткеннен кейін қояды.

Егер Манту сынамасы қойылған жердің тері қызарып, аздап ісінсе - Манту сынамасы көлеміне қарай бағаланады - "күмәнді", "оң" немесе "гиперергиялық". Осы топтың балаларына БЦЖ қойылмайды, өйткені оларда табиғи иммунитет қалыптасты: мүмкін олар туберкулез таяқшамен кездескен болатын немесе туберкулинге аллергия бар немесе жұқтыру бар және оларға дәрілік препараттарды қабылдау қажет болуы мүмкін.

Манту сынамасы туралы орныққан дақпырттар:

  • "Манту сынамасын суламау үшін душ немесе ваннаны қабылдауға болмайды ". Шын мәнінде, ештеңе етпейді, егер сіз Манту сынамасын сулап қойсаңыз. Бұл әбестік Пирке сынамасы жүргізілген кезден орныққан, бұл сынамасын жүргізгенде туберкилинді терінің бетіне енгізді. Осындай жағдайда сынаманы шын мәнінде сулауға болмады, қазіргі кезде туберкулинді тері астына салады. Ал пластырь жапсыруға және укол қойылған жерін шын мәнінде уқалауға болмайды
  • "Бала рационынан тәттіні, цитрус және кейбір тамақ өнімдерін шектеу немесе мүлдем алып тастау қажет". Алайда, осы шараларға жүгіну барлық балаларға қажет емес. Гипоаллергенді диета тек аллергиктерге қажет, сондай-ақ, оларға Манту сынамасын жүргізу 5 күнге дейін және 2 күннен кейін антигистаминді препараттарды қабылдау (аллергияны төмендететін) қажет болуы мүмкін.

Менің балам бірінші сыныпта оқиды, оған барлық сыныптастарына сияқты Манту сынамасын жүргізді. 3 күннен кейін мектеп медбикесі барлық балаларды қарап шығып, нәтижесін бағалады: менің ұлымда және тағы бірнеше балаларда Манту сынамасы "теріс" болды, соның салдарынан бір аптадан кейін оларға БЦЖ екпесі қойылды. Бұл екпені тері астына салды, оның құрамында туберкулездің тірі әлсіреген бациллалары бар. Осы бациллалар ауруды тудыруға қабілетті емес, бірақ біздің ағзамыз "жауды" таңып, онымен күресуге үйренеді және шын микробактериялар түскен жағдайда қорғауға дайын болады.

БЦЖ вакцинасын салған жерде жергілікті реакция дамиды, менің баламда келесі күні ауырсыну, ісінуі пайда болды, тері қызарған болатын. Жалпы жағдайы жаман болмады, температурасы жоғарыламады, көңіл-күйі өзгермеген. Бала ойнады, жүгіріп жүрді, тәбеті жақсы болды. Аздаған қолайсыздық тек оның сол жақ иықты тигенде ғана байқалатын, ұйықтап жатқанда, сондай-ақ, сол жақ қолын тигізбеуге тырысты.

БЦЖ кейін баланы шомылдыруға рұқсат етіледі, бірақ екпе салынған жерді жуыну жөкесімен белсенді сүртуге болмайды, және сүрткенде сүлгімен сәл ақырын сүртіп алу қажет. Сондай-ақ, бір нәрсені жабыстыру немесе өңдеуге ұсынылмайды.

БЦЖ вакцинациядан кейін бір ай ішінде балада ауырсыну, қызару және ісінуі азайды. Бірте-бірте шаншудың орнында жұмаруы пайда болды - енді бұл іріңдеген жерге ұқсап болды. Ашуға, қысуға, майлау, таңғыш тартуға ешбір жағдайда болмайды. Бірте-бірте, 4-5 айдан кейін дақ азаяды, қабықша өзі түседі және оның астында алдымен қызғылт тыртықша, кейін ол ағарады және барынша тығыз болады.

БЦЖ –дан кейін терінің толық жазылуы 1 жылға дейін созылады. Мектеп медбикесі БЦЖ кейін реакцияны және пайда болған тыртықты бағалау үшін балаларды 1, 3, 6 және 12 айдан кейін тексереді. Тыртықтың көлемін негізге ала отырып, медицина қызметкерлері туберкулезге қарсы иммунитеттің өңдеу процессі қаншалықты тиімді болғанын бағалайды.

 

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
tubdis_astana@mail.ru
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.