60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Елордада туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай жылдан жылға жақсарып келеді. Соңғы бес жылда сырқаттанушылық -29,3%-ға төмендеді. Бұл туралы онлайн брифингте Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Соңғы 5 жылда қала бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық 29,3%-ға, ал өлім-жітім 39,3%- ға төмендеді, бұл туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын көрсетеді.

Астана қаласы бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық 29,3 % төмендеді

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Туберкулездің алдын алу шаралары» тақырыбында Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гульназ Досмырзаева, Астана қаласы Қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепке, ҚР ДМ Санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша СЭБД басшысының орынбасары Жанна Пралиева брифинг өткізді.

2023 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында "Біз туберкулезді жеңеміз", "Біз туберкулезді жеңе аламыз", "Иә. We Can End TB»..

Айлық шеңберінде МСАК, мектептер, жоғары және орта оқу орындары, кәсіпорындар, ХҚКО деңгейінде іс-шаралар өткізілді, олардың шеңберінде медицина қызметкерлері халықтың назарын әрбір адам білуі және басшылыққа алуы тиіс маңызды шараларға аударды:

Аурудың алғашқы белгілерінде дер кезінде медициналық көмекке жүгіну керек, бұл тиімді емдеудің кепілі!

Бүгін, 24 наурызда Алматыда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған және ДДСҰ-ның 2023 жылға арналған «Біз туберкулезді жеңе аламыз!» ұранымен, халықаралық мамандардың қатысуымен Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады.

Астана қаласынын ФП орталыгы онлайн қатысып отыр.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
tubdis_astana@mail.ru
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.