«Нұр-Сұлтан қ.туберкулезге қарсы диспансері» МКҚК-да 2018 жылдың 31 мамырында және 3 маусымында «Болашақ ұрпаққа таза ауа» атты ағаш отырғызу акциясы өтті.

40 дана қылқан жапырақты ағаш көшеттерінен 2 аллея отырғызылды.

Экологиялық тәрбие экологиялық мәдениетті дамытуда өзекті. Табиғатқа деген жауапкершілікті үнемі қалыптастыру қажет. Сондықтан, болашақ ұрпақтың экологиялық санасы мен ойлауын арттыру үшін «Санат әлемі» пациенттік ұйымының жастары мен ТҚД пациенттері ағаштарды отырғызуға тартылды.

Акцияның бастамашысы бас дәрігер Анна Борисовна Цепке болды:

Ағаш отырғызу және осы ағаштар болашақ ұрпағымызға сыйлық екенін білу қандай керемет.  Менің ойымша, біртіндеп бізде қарағай орманы өседі. Мемлекет басшысы өз тәжірибесінің биіктігінен айтқандай,ұзақ мерзімді процестердің негізгі параметрлері бүгінгі таңда қаланып отыр.

Астана қаласы «Еуразия» сауда орталығында Алматы ауданының әкімдігі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Туберкулез ауруына қарсы диспансердің қолдауымен Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ұйымдастырған туберкулезбен күрес айлығы аясында тамаша акция өткізді.

Халыққа әр түрлі іш-шаралар ұсынылды: туберкулез мәселелерін көтеретін керемет фото көрме. Біздің акциямыздың екінші бөлігі туберкулез ауруын ерте анықтауға арналды. Ол үшін жылжымалы флюрограф қойылды, флюрографиядан өтуге тілек білдіргендер көп болды, кәсіби мамандардың, фтизиатор дәрігерлердің  кеңестері қол жетімді болды.

Біздің акциямыздың ұраны «Туберкулезді бірге жеңеміз!», «Бізге де туберкулезбен күреске үлесімізді қосатын кез келді» деген жазуы бар постерге  барлық қатысушылар қол қойды.

Скрининг – бұл ерте анықталған жүрек-қан тамырларының патологиясын, күретамырлы қысымның көтерілуін, қант диабетін және глаукоманы, сондай-ақ ерте сатысында анықталған онкологиялық патологияны, жатыр мойыншығы обырын, сүт бездері обырын, колоректалды обырды жыл сайын медициналық профилактикалық тексеру. Сүт бездері обырын тексеруге 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, жатыр мойыншығы обырына 30 жастан 50 жасқа дейінгі әйелдер, колоректалды обырды тексеру үшін 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, ерте анықталған жүрек-қан тамырларының патологиясына қырықтан асқан азаматтар шақыртылады. Скринингтен өту - ерте анықталған барлық көрсетілген патологиялар үшін өте маңызды. Аталмыш процедура тегін жүргізіледі.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-17:00)

+7 701 451 3362 (24/7)