Ескі мейірімді шындық бар: жас өмір сүру жылдарының санымен емес, жан жағдайымен анықталады. Және бұл, әрине, солай! Өмірінен шаршамаған белсенді, қарт адамдарды көрген кезде, ол қандай бақытты екенін түсінесің . Бірақ басқа да мысалдар бар, адамдар белгілі бір жасқа жеткенде, жалғыздық сезімін сезінетін, олардың қарым-қатынас шеңбері тар... Оларға өздерінің туған-туыстарына, жақындарына, қоғамына не қажет екенін ұмытпай, еске түсіруден гөрі ештеңе маңызды емес.

Қалыптасқан дәстүр бойынша қазан айының бірінші күні біз Халықаралық қарттар күнін атап өтеміз. Қарттар күні-бұл даналық, мейірімділік және құрмет күні! Бұл мереке, аға буын біздің махаббатымызға, қамқорлық пен ілтипатқа мұқтаж екенін тағы да түсінеді. Мейірімді және жарқын мерекеде біз тек қана ата-аналарымызды, әжелерімізді және аталарымызды ғана емес, сонымен қатар біздің ұйымда еңбек сіңірген демалысқа шыққан қызметкерлерді де ерекше ықыласпен бөлейміз.

Нұр-Сұлтан қ. қалалық фтизиопульмонологиялық орталығында өткен қарттар күнін мерекелеуге дәл осындай қамқорлық пен назар аударылды.

Егде жастағы қонақтарды қабылдау жақсы дәстүрге айналды.Начало формы 

Қызметкерлер концерттік бағдарлама ұйымдастырып, гүлдер мен сыйлықтар табыс етті.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығының» парақшасына қош келдіңіздер! Біз туберкулезді анықтау, емдеу және алдын-алуға қатысты кез-келген сұрақтарға жауап беруге, кеңестер мен қажетті түсіндірулер беруге әрқашан дайынбыз. Біз үшін сіздің сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз бен бастамаларыңыз маңызды!

Нұр-Сұлтан қаласының қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы директоры - Цепке Анна Борисовна

Инстограм: https://www.instagram.com/annatsepke 

Фейсбук: https://www.facebook.com/acepke

☎тел. 87172 607113
Тулендибаева Улпан Сагаткановна – Нұр-Сұлтан қаласының қалалық фтизиопульмонологиялық орталығының пресс-секретарьы

Фейсбук: https://www.facebook.com/ulpan.tulendibaeva 

Инстограм: https://www.instagram.com/ulpan_tulendibayeva

☎тел. 87172 607118

Нұр-Сұлтан қаласының қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы сайты: http://www.tubdis.kz 

Инстограмм: https://www.instagram.com/center_phthisiopulmonology

Фейсбук: https://www.facebook.com/pg/tubdis.kz 
Твитер: @CentrFtiziopulm

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

«Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі келесі медициналық ұйымдарға Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарлайды:  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Көпсалалы медицина орталығы» МКК,  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» МКК.

Байқау кеңесі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның (ШЖҚ МКК) қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, медициналық ұйымның қызметіне бақылау жасауды және мүдделерін қорғауды жүзеге асырады. ШЖҚ МКК байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу ШЖҚ МКК қаржы-шаруашылық қызметінің оң нәтижесі болған жағдайда жыл ішіндегі жұмыс қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

Денсаулық фестивалі аясында 7 қыркүйекте қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы қаланың СӨСҚО ұйымдастырған және өткізген қалалық іс-шараға белсенді қатысты.

Фтизиопульмонологиялық орталығы жылжымалы флюорограф ұсынды, онда қала тұрғындары тегін тексеруден өтіп, сол жерде тексеру нәтижесін алды.

Ұйымдастырылған «Денсаулық қалашығында» фтизиопедиатр тұрғындармен балалар арасында туберкулездің алдын алу туралы, БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясының маңыздылығы мен уақтылығы туралы кеңес өткізді.

Әрине, спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қатысушылар мен көрермендер үлкен рахат алды.

29 тамыз сағат 10.00. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық  орталығы» ШЖҚ МКК-да Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Орталықтың директоры Анна Борисовна Цепке әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтады. Өз сөзінде Конституция – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының негізі, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі екенін атап өтті. Анна Борисовна Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі, белсенді өмірлік ұстанымдары үшін Құрмет грамоталарымен қызметкерлерді марапаттады. Іс-шара соңында денсаулық, бақ-береке және барлық қойылған мақсаттарға жетуді тіледі.

Соңында қатысушыларға Конституция күні туралы ролик ұсынылды.

Мерекелік іс-шараны рентгендиагностикалық бөлім қызметкерлері ұйымдастырды.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-17:00)

+7 701 451 3362 (24/7)