ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен өңірлік департаменттерінде «Antikor оrtalyǵy» өз жұмысын бастады.
«Antikor оrtalyǵy» жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы болып табылады.
Antikor оrtalyǵy-ның мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау болса, міндеттері жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
2022 жылғы 31 наурызда «Zoom» бейне конференциясын пайдаланумен, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің екінші бетпе-бет отырысы болып өтті.
Келесі мәселелер талқыланды:
- Төсек қорының азаюына байланысты, инфекциялық блоктың ұйымдастыру құрылымын бекіту туралы.
- Ұжымдық шартқа қосымша келісім жобасын қарастыру туралы:
- Кәсіпорынның медициналық емес персоналының демалысына сауықтыруға қатысты жәрдемақы мөлшерін ұлғайту мүмкіндігі туралы;
- Кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби тексерілуін төлеу мүмкіндігі туралы;
- бұрын берілген біліктілік санаттарын есепке ала отырып медициналық қызметкерлерге лауазымдық айлық ақыларын есептеу мүмкіндігі туралы.
Талқылаудан кейін күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Спикерлер:
- Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Әлия Рүстемова;
- Фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепке;
- Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева.
24 наурыз-Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні.
Соңғы 6 жыл ішінде бүкіл әлемде "туберкулезден әлемді жарықтандырыңыз"акциясы өткізілуде. Бұл акция туберкулезбен күреске бейілділікті көрсетеді. Нұрсұлтан қаласы бұл акцияға белсене қатысады. Бүгін Бәйтерек, Сығанақ және Сарайшық автомобиль көпірлері, Бейбітшілік және келісім сарайы жарықтандырылды.
