4 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді.

1992 жылы ең алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тағайындалды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік нышандар - Елтаңба, Ту мен Әнұранымыздың туған күні болып қалады.

Мемлекеттік рәміздер - мемлекет негізінің мызғымас бір бөлігі.

Қалалық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері Гимнді орындап, рәміздерге деген құрметтерін білдірді.

Қалалық фтизиопульмонология орталығы жанындағы мектепте балаларды 1 маусым мерекесімен құттықтады. Жаздың бірінші күні ұлдар мен қыздарды "Санат әлемі" қоғамдық қорынан Милисента пен Белоснежка балаларды қорғау күнімен құттықтады @sanatalemi.

Аниматорлар кішкентай ҚФО пациенттеріне түрлі конкурстар, турнирлер мен ойындар өткізді.

Ал қалалық фтизиопульмонология орталығында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өту жалғасуда. Бүгін ҚФО-ға қарақшы Джек Воробей, ханшайым және балаларының сүйіктісі Хаги Ваги келді.

Ойын-сауық бағдарламасы қызықты және мазмұнды болды. Балалар түрлі тапсырмаларды орындады, жұмбақтар шешті, би биледі және ән айтты. Іс-шара балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленді.

Қалалық фтизиопульмонология орталығындағы балаларды "Абди Ибрахим Глобал Фарм" ЖШС компаниясының өкілдері балаларды қорғау күнімен құттықтады. Қонақтар әр балаға сыйлықтар табыс етті.

Балаларды қорғау күні бүкіл әлемде атап өтіледі. Бұл тек көңілді мереке және шулы іс-шаралар ғана емес, бұл қоғамға әр баланы қорғау, әлемдегі барлық балалардың еркін, бақытты және сау болып өсуіне мүмкіндік беру қажеттілігін еске салу.

Елордалық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының мамандары арасында туберкулезді ерте анықтау бойынша аттестаттауды өткізді. Бұған дейін емханалардың мамандары үшін тиісті оқыту жүргізілген болатын.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-17:00)

+7 701 451 3362 (24/7)