Астана қ. ҚФО- мен  қаланың АМСК ұйымдарының туберкулез жағдайлары тіркелген алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша талдау және бағалау жүргізілді, аурудың әрбір жағдайын жіберіп алынған мүмкіндіктері бойынша  (А. Б. Цепке– Астана қ. ҚФО директоры).

Алдыңғы штабтың көрсетілген ескертулері бойынша қабылданған шаралар тыңдалды, оларға бағалау және оларды түзету бойынша ұсынымдар берілді.

Туберкулезге қарсы қызмет пен Астана қаласы полиция департаментінің ведомствоаралық өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесін өткізу қажеттігі атап өтілді.

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің бірінші отырысы 2025 жылғы 30 қаңтарда сағат 15.00-де «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде Астана қаласы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы мекенжайы бойынша өтті.

Отырыстың күн тәртібі:

  1. Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер лауазымына үміткерлерді қарау және Байқау кеңесінің шешімін анықтау туралы (баяндамашы директор - А. Цепке);
  2. Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерінің өкілеттік мерзімін және еңбекақысын белгілеу туралы (баяндамашы директор - Цепке А.Б.).

Талқылаудан кейін күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

29.01.25ж. ҚРДСМ2024жылдыңқорытындысыбойынша-туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы бойынша кеңесөткізді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры М.М. Аденов ҚР бойынша - эпидемиологиялық жағдай, туберкулез бойынша негізгі индикаторлар мен көрсеткіштер бойынша облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың рейтингі туралы баяндады.

Сондай-ақ, ҚР Бас санитарлық дәрігері С.С. Бейсенова халық арасында, туберкулез ошақтарында алдын алу шараларының жай-күйін атап өтті. Кеңеске Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, сондай-ақ облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың ЕЭК басшылары қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.12.2024 ж. хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылғы 1-10 қаңтар аралығында туберкулез ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша жедел штаб өткізілді.

 

Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ МКК, 2025 жылғы 22 қаңтар айында № 7 қалалық емханада туберкулез саласындағы адвокатура, коммуникация және әлеуметтік жұмылдыру жөніндегі іс - шаралар шеңберінде АМСК профилактикалық бөлімшелерінің меңгерушілері мен АБӘЖ бойынша жауапты тұлғалардың қатысуымен семинар - кеңес өткізді.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-17:00)

+7 701 451 3362 (24/7)