Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің екінші отырысы 2025 жылғы 14 ақпанда сағат 15.00-де «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде Астана қаласы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы мекенжайы бойынша өтті.
Отырыстың күн тәртібі:
- Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер лауазымына үміткерлерді қайта қарау және Байқау кеңесінің шешімін анықтау туралы (баяндамашы директор - А. Цепке);
Талқылаудан кейін күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Апта сайын Туберкулез бойынша ҚДСБ, СЭБД, қаланың көп бейінді стационарлары қатысуымен (КҚЕ -1, КҚЕ -2) және Астана қаласының ҚФО 10.02.2025 ж. (ZOOM) жедел штаб өз жұмысын жалғастыруда.
Астана қаласы әкімдігінің ҚФО-ғы туберкулез жағдайлары тіркелген қаланың АМСК алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша аурудың әрбір жағдайын жіберіп алынған мүмкіндіктерге талдау жүргізіп баға берілді. (А. Б. Цепке – Астана ҚФО директоры).
Алдыңғы штабтың көрсетілген ескертулері бойынша қабылданған шаралар тыңдалды, оларға баға мен ұсынымдар берілді:
2025 жылғы 6-7 ақпанда Алматы қаласында "2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаны іске асыру" республикалық үйлестіру кеңесі офлайн/онлайн форматта, ҚР ҰҒФО директоры М. М. Аденовтың төрағалығымен, "Қазақстандағы ТБ тоқтатайық" атты Ұлттық серіктестігі, ГФ ГРП, ОО "ҚАФ", фтизиопульмонология орталығының өңірлік бірінші басшылары, фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыру - әдістемелік бөлімдерінің меңгерушілері, ұлттық туберкулез бағдарламасының консультанттары, туберкулез бағдарламасының халықаралық және ұлттық әріптестерімен бірлесе өтті.
