Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық көпсалалы фтизиопульмонология және ішкі аурулар орталығы» ШЖҚ МКК Бақылау кеңесінің алтыншы отырысы: онлайн форматта «Zoom» платформасы арқылы Астана қаласы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы мекенжайы бойынша 2026 жылғы 11 тамызда сағат 10.00 –де өтті.
Отырыстың күн тәртібі:
- Кәсіпорынның Ішкі аудит қызметінің аудиторы лауазымына кандидатураны қарау және Байқау кеңесінің шешімімен айқындау туралы (баяндамашы директор А.Б. Цепке.).
- Кәсiпорынның Iшкi аудит қызметi аудиторының өкiлеттiгi мен еңбекақысының мерзiмiн белгiлеу жөнінде (баяндамашы директор А.Б. Цепке.).
- Кәсіпорынның 2025 жылға арналған даму Жоспарының орындалуы туралы есепті келісу туралы (баяндамашы бас бухгалтер С.З. Тугаева).
- Кәсіпорынның 2025 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту туралы (баяндамашы бас бухгалтер С.З. Тугаева).
- Штат кестесiне және Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы Ережеге өзгерiстер енгiзудi келiсу туралы (баяндамашы директор А.Б Цепке.).
Талқылаудан кейін күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
