Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық көпсалалы фтизиопульмонология және ішкі аурулар орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің үшінші отырысы «Zoom» платформасы арқылы онлайн форматта 2026 жылғы 12 мамырда сағат 15.00-де Астана қаласы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы мекенжайы бойынша өтті.
Отырыстың күн тәртібі:
- Кәсіпорынның төсек қорын қайта құрылымдау туралы. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымын бекіту және штат санын келісу туралы (баяндамашы Кәсіпорын директоры Цепке А.Б.).
- Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы (баяндамашы Кәсіпорын директоры Цепке А.Б.).
- Кәсіпорынның ақылы қызмет көрсету бағасының прейскурантын келісу туралы (баяндамашы экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің бастығы Г.А. Кабдушева).
- Кәсiпорынның Iшкi аудит қызметi аудиторының бос лауазымына конкурстық құжаттаманы келiсу және ІАҚ аудиторының жалақысын белгiлеу туралы (баяндамашы экономикалық жоспарлау және талдау бөлiмiнiң бастығы Г.А. Кабдушева).
- Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы Ережеге өзгерiстер енгiзудi келiсу туралы (баяндамашы экономикалық жоспарлау және талдау бөлiмiнiң бастығы Г.А. Кабдушева).
Талқылаудан кейін күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
