60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Бақылау кеңесі отырысының есебі

2025 жылы 17 қарашада  сағат 16:30-де «Zoom» платформасы арқылы онлайн форматта Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Бақылау кеңесінің алтыншы отырысы өтті. Мекенжайы: Астана қаласы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы.

Күн тәртібі:

  1. 2024 жылға және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына инфекциялық бақылауға жұмсалған қаржы ресурстары туралы ақпарат беру туралы (баяндамашы – эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі директордың орынбасары С.Б.Сейтенова).
  2. 2024 жылға және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына сызықтық шкала бойынша ақаулар бойынша шегерімдер сомасы туралы ақпарат беру туралы (баяндамашы – медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары  Ж.С.Даугарина).
  3. Ауру парақтары бойынша қаржылық құрамы туралы, 2024 жылға және 2025 жылдың алғашқы алты айына арналған ауру парақтары үшін төленген сома, сондай-ақ ауру парақтар кезінде міндеттерін орындайтын қызметкерлерге қосымша төлемдер сомасы ақпарат беру туралы (баяндамашы -экономикалық және әкімшілік қолдау жөніндегі директордың орынбасары С.Б. Хамитова).
  4. Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК Даму жоспарының жобасын 2025 жылдың екінші жартыжылдығында жаңартылған қарау және келісім беру туралы (баяндамашы -экономикалық және әкімшілік қолдау жөніндегі директордың орынбасары С.Б. Хамитова).
  5. Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК 2026 жылдың Даму жоспарының жобасын жаңартылған қарау және келісім беру туралы (баяндамашы -экономикалық және әкімшілік қолдау жөніндегі директордың орынбасары С.Б. Хамитова).

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша талқылаудан кейін тиісті шешімдер қабылданды.

 

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-17:00)

+7 701 451 3362 (24/7)
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.