2025 жылы 29 қыркүйекте сағат 15:00-де «Zoom» платформасы арқылы онлайн форматта Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Бақылау кеңесінің бесінші отырысы өтті. Мекенжайы: Астана қаласы, А1 көшесі, 5-ғимарат, В блогы.
Күн тәртібі:
- Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК-ның штаттық құрылымын оңтайландыру және штаттық санына келісім беру туралы
(баяндамашы – Кәсіпорын директоры А.Б.Цепке)
- Кәсіпорынның инфекциялық бақылау қызметінің 2024 жылға арналған және 2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша есебін тыңдау туралы
(баяндамашы – эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі директордың орынбасары С.Б.Сейтенова)
- Кәсіпорынның пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің 2024 жылға арналған және 2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша есебін тыңдау туралы
(баяндамашы – медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Ж.С.Даугарина)
- Кәсіпорынның адами ресурстарды басқару бөлімі қызметінің 2024 жылға арналған және 2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша есебін тыңдау туралы
(баяндамашы – адами ресурстарды басқару бөлімінің басшысы А.Б.Кундолова)
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша талқылаудан кейін тиісті шешімдер қабылданды.