60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"
Астана қалалық фтизиопульмонология орталығының жанындағы мектептің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектеп бітіру мерекесінің салтанатты жиыны өткізілді.
Шараның шымылдығы Қазақстан Респбуликасының Әнұранымен ашылды. Жиында мектеп оқу-ісінің меңгерушісі Бақытжан Мұратбекқызы мен бас дәрігердің орынбасары Жеңісгүл Сайлаубекқызы оқушылар мен ұстаздарды, мектеп бітіруші түлектерді құттықтады.
Содан кейін оқушыларға сөз берілді. Бишілер тобы мың бұрала билеп, ал қалған оқушылар жиналған көрермендерге тақпақтары мен өлеңдерін айтып, көңілдерін бір серпітіп тастады. Сонымен қатар салтанатты жиында қыздар тобы «Ұстаздарға» әні мен биі оқушылар мен мұғалімдердің көңілінен шығып, естеліктерге суреттерге түсіп, бірін-бірі құттықтап, мәз-мейрам болды.