60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Байқау кеңесі отырысының есебі 08.12.2023ж.

Астана қаласы, А1 көшесі, 5 ғимарат, Б блогы мекен-жайы бойынша 2023 жылдың 8 желтоқсанында сағат 11-де "Zoom" платформасы арқылы онлайн режимде Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің жетінші отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібі:

  1. Кәсіпорынның 2024 жылға арналған штаттық кестесін келісу және ұйымдасқан  құрылымын бекіту туралы (баяндамашы - директор А. Б.Цепке)
  2. Кәсіпорын қызметкерлерінің қанағаттандырылуы бойынша жүргізілген сауалнама қорытындысы туралы (баяндамашы – адами ресурстарды басқару бөлімінің бастығы Е.А.Чебану).
  3. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бухгалтерияның, жоспарлау-экономикалық бөлімнің, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің, адами ресурстарды басқару бөлімінің, кәсіпорынның техникалық қызмет бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің белгіленген жалақыларын келісу туралы (баяндамашы-директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С.Б. Хамитова).
  4. Байқау кеңесінің алдыңғы отырысының шешімдерін орындау бойынша ақпаратты тыңдау туралы (баяндамашы - хатшы Г. А. Қабдушева).
  5. Кәсіпорынның Байқау кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы (баяндамашы - хатшы Г. А. Қабдушева).

Талқылаулардан кейін күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
tubdis_astana@mail.ru
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.