60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Байқау кеңесі отырысының есебі 31.03.2023ж.

2023 жылғы 31 наурызда сағат 11-де Астана қ., А1 көшесі, 5 ғимарат, Б блогы мекенжайы бойынша Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің екінші бетпе-бет отырысы болып өтті.

Отырыстың күн тәртібі:

  1. 2023 жылға ұйымдастыру құрылымын бекіту және Кәсіпорынның штаттық санын келісу.
  2. Кәсіпорынның Ұжымдық шартына қосымша келісімді келісу туралы.

- Кәсіпорын қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына жаңа коефициенттерді қолдану туралы;

- біліктілік деңгейіне қатысты талаптарды есепке ала отырып Кәсіпорын медицина қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын есептеу мүмкіндігі туралы.

  1. Кәсіпорынның Ішкі аудит қызметін құру жөніндегі мәселені қарау туралы:

- Кәсіпорынның Ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау;

- Кәсіпорынның Ішкі аудит қызметінің басшысын және мүшелерін тағайындау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;

- Кәсіпорынның Ішкі аудит қызметі жұмысының тәртібін және Кәсіпорынның Ішкі аудит қызметі  қызметкерлінің еңбек ақы мөлшері мен шарттарын және оларға берілетін сыйақыны анықтау.

 

Талқылаудан кейін күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

№2 хаттама 31.03.2023ж.

 

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
tubdis_astana@mail.ru
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.