2022 жылғы 31 наурызда «Zoom» бейне конференциясын пайдаланумен, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің екінші бетпе-бет отырысы болып өтті.
Келесі мәселелер талқыланды:
- Төсек қорының азаюына байланысты, инфекциялық блоктың ұйымдастыру құрылымын бекіту туралы.
- Ұжымдық шартқа қосымша келісім жобасын қарастыру туралы:
- Кәсіпорынның медициналық емес персоналының демалысына сауықтыруға қатысты жәрдемақы мөлшерін ұлғайту мүмкіндігі туралы;
- Кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби тексерілуін төлеу мүмкіндігі туралы;
- бұрын берілген біліктілік санаттарын есепке ала отырып медициналық қызметкерлерге лауазымдық айлық ақыларын есептеу мүмкіндігі туралы.
Талқылаудан кейін күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
