2022 жылғы 20 қазанда «Zoom» бейне конференциясын пайдаланумен, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің бесінші бетпе-бет отырысы болып өтті.
Келесі мәселелер талқыланды:
- Байқау кеңесінің осының алдындағы шешімдерді орындау туралы ақпаратын тыңдау туралы (баяндамашы БК хатшысы Г.А.Қабдушева).
- Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын бекіту туралы (баяндамашы директор А.Б.Цепке).
- Адами ресурстарды басқару туралы (баяндамашы адами ресурстарды басқару бөлімінің бастығы Е.А.Чебану):
- оқыту, қайта даярлау және персоналдың біліктілігін арттыру туралы ақпарат;
- уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақтар тізілімдері бойынша талдамалы баяндама;
- кадрлар қозғалысы мониторингі;
- іс қағаздарын жүргізу, құжаттаманы мемлекеттік тілде ресімдеу.
- Бюджеттік қаражатты және қосымша көздерден алынған қаражатты мақсатты пайдалануға жауаптылардың есептерін тыңдау (баяндамашы директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету бойынша орынбасары С.Б.Хамитова).
Талқылаудан кейін күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
