Бізге жиі сұрақ қойылады: "Егер мен МӘМС жүйесінде сақтандырылмасам, бірақ менде артериялық гипертензия/ онкологиялық ауру/қант диабеті және т. б. болса, мені медициналық көмексіз қалдыру мүмкін бе?"

Біз жауап береміз: "Жоқ!". Егер сізде бір немесе бірнеше әлеуметтік маңызы бар немесе созылмалы аурулар болса, сізге осы ауруға негізделген барлық қажетті жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі.

Егер сізде сақтандыру мәртебесі болмаса да. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен, яғни ТМККК пакетімен қарастырылған.

Бұл жазбадан сіз есте сақтауға қажетті пайдалы ақпаратты таба аласыз, бірақ бұл туралы өзіңізге белгілеп алып, достарыңызбен бөліскеніңіз жөн.

Еңбекке жарамсыздық парағы-бұл адамның ауруына, хал - жағдайына немесе жарақатына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығын растау болып табылады.

Ол қандай жағдайларда және қандай мерзімге берілетінін, ал одан қай уақытта бас тартылуы мүмкін екендігін, сіз біздің инфографикамыздан білесіз.

Бүгінгі күні еліміздің емханаларына 0 - ден 18 жасқа дейінгі (толық 17 жасқа дейінгі) 6,5 миллионнан астам бала тіркелген.

Олардың барлығы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде де мемлекет жарналарын төлейтін азаматтардың жеңілдетілген санаты ретінде медициналық қызметтерге толық қол жеткізе алады.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-17:00)

+7 701 451 3362 (24/7)