2024 жылдың  27-31 мамыр аралығында Астана қаласында ҚР ҰҒФО және ЖҚ МРК  ұлттық мониторинг және бағалау тобының сапары өтті.

Апта ішінде АМСК, көп бейінді стационарлар, акушерлік блок, №64 мекеме (тергеу изоляторы ) және ҚФО деңгейінде туберкулезге қарсы іс-шаралардың іске асырылуын бағалау жүргізілді.

2024 жылдың  27-31 мамыр аралығында Астана қаласында ҚР ҰҒФО және ЖҚ МРК  ұлттық мониторинг және бағалау тобының сапары өтті.

Ұлттық мониторинг және бағалау тобының жетекшісі Г.Д.Алгазиева, сондай-ақ топ мүшелері: О.Г.Приходченко, Г.Д.Раимова, А.Я.Аубакиров, А.Б.Коптлеуова, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының эпидемиолог дәрігері А.М.Тулеуов

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің үшінші отырысы 2024 жылдың 29 мамырында сағат 11-де Астана қаласы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы мекен-жайы бойынша «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде өтті

Отырыстың күн тәртібі:

  1. Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК даму жоспарының жобасын қарау және келісу, сондай-ақ оны 2024 жылдың 1-жартыжылдығында нақтылау туралы(баяндамашы директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С.Б. Хамитова).
  2. 3-тараудың 11-тармағының 5), 6), 7), 8), 9), 11) және 14) тармақшаларында көзделген қызмет түрлері бөлігінде, Кәсіпорынның Жарғысын қарау және келісу түзету енгізу туралы (баяндамашы -Кәсіпорынның комплаенс кофицері Е.В.Крат).

Талқылаулардан кейін күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

2024 жылдың 20-24 мамыр аралығында Алматы қаласында Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының базасында Quan TB құралын пайдалана отырып, туберкулезге қарсы препараттарының қажеттілігін есептеу бойынша семинар өткізілді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық және өңірлік үйлестірушілердің қатысуымен іске асырылды.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-17:00)

+7 701 451 3362 (24/7)