60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Зарарсыздандыру құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықты және коммерциялық ұсыныстарды сұратуға арналған хабарландыру

фтизиопульмонологиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Астана қ., Алматы ауданы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы.

Зарарсыздандыру құралдарының келесідей түрлеріне қатысты коммерциялық ұсыныстарды және қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды Астана қаласы, Алматы ауданы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы мекенжайы бойынша немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекен-жайға 2024 жылғы 22 қаңтарға дейін ұсыну қажет (міндетті!!!):

  1. Медицина қызметкерлерінің қолдарын зарарсыздандыруға арналған зарарсыздандырғыш құрал;
  2. Хирург дәрігерлерінің қолдарын және ота жасау аумағын зарарсыздандыруға арналған зарарсыздандырғыш құрал;
  3. Медициналық жабдықты және қолжетімділігі қиын беттерді өңдеу үшін бір рет қолданылатын дезинфекциялық майлықтар;
  4. Ауаны, беттерді және автокөлікті лезде зарарсыздандыруға арналған спрей түріндегі қолдануға дайын дезинфекциялық ерітінді;
  5. Үй-жайларды ағымдағы дезинфекциялауға арналған таблетка түріндегі дезинфекциялаушы құрал;
  6. Үй-жайларды жалпы тазалауға және қорытынды дезинфекциялауға арналған зарарсыздандырғыш құрал;
  7. ММБ дезинфекциялау үшін жуғыш әсері бар зарарсыздандырғыш құрал;
  8. Эндоскопиялық жабдықты концентрат түріндегі механикаландырылған тәсілмен зарарсыздандыру алдындағы тазартуға арналған дезинфекциялаушы энзимді жуғыш зат;
  9. Эндоскопиялық жабдықты механикаландырылған тәсілмен зарарсыздандыруға арналған зарарсыздандырғыш құрал;
  10. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды, оның ішінде хирургиялық құралдарды және басқа да бұйымдарды жуу-дезинфекциялау машиналарында механикаландырылған тәсілмен зарарсыздандыру алдындағы тазартуға (жууға) арналған дезинфекциялаушы сілтілі жуғыш зат;
  11. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды, оның ішінде хирургиялық құралдарды жуу-дезинфекциялау машиналарында механикаландырылған тәсілмен өңдеу кезінде сілтілі құрал қалдықтарын бейтараптандыруға арналған қышқылды бейтараптандырғыш құрал;
  12. Биологиялық секрециялар мен тамақ қалдықтарын дезинфекциялауға арналған ұнтақты зарарсыздандырғыш құрал;
  13. Сұйық концентрат түріндегі сарқынды суларды зарарсыздандыруға арналған зарарсыздандырғыш құрал;
  14. Медицина қызметкерлерінің қолдарын өңдеуге арналған дезинфекциялық әсері бар сұйық сабын;
  15. Ағартқыш және жуғыш әсері бар киім-кешек пен арнайы киімді зарарсыздандыруға арналған ұнтақты зарарсыздандырғыш құрал;
  16. Сұйық концентрат түріндегі ыдыс жуғыш машинада ыдыстарды автоматты түрде жууға арналған зарарсыздандырғыш құрал;
  17. Сұйық концентрат түріндегі ыдыс жуғыш машинадағы ыдыс жууға арналған дезинфекциялық шайғыш зат.
new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
tubdis_astana@mail.ru
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.