2025 жылғы 22 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті. Семинар барысында бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі ережелері түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің қызметтік этика, адалдық және ашықтық қағидаттарын сақтау талаптары қарастырылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға бағытталды.
