МӘМС - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, ортақ жауапкершілік қағидатына негізделген.
Ол жинақтаушы жүйе емес екенін түсінген жөн. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылған қаражат бірден сақтандырылған азаматтарға көрсетілген медициналық қызметтерді төлеуге жұмсалады.
МӘМС жүйесі арқасында сақтандырылған азаматтар келесі қызметтерді ала алады:
- Бейінді мамандардың қызметтері
- Диагностикалық тексерулер
- Стационарлық және амбулаторлық ем
- Медициналық оңалту
