2025 жылғы 2 желтоқсан күні Қалалық фтизиопульмонология орталығында «Қара код: террористік қауіп туындаған жағдайда персоналдың іс-қимылы» тақырыбында жоспарлы оқу-жаттығу өтті.
Мұндай жаттығулар өзара әрекеттесу алгоритмдерін жетілдіруге, қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға және пациенттер мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Оқу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- жедел қызметтермен өзара әрекеттесу және хабардар ету тәртібі;
- эвакуация маршруттары және қауіп төнген жағдайда қызметкерлердің іс-қимылдары;
- пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері;
- мекеме ішіндегі үйлестіру алгоритмдері.
Жоспарлы оқу-жаттығулар медициналық ұйымдар үшін аса маңызды саналатын жеделдік, үйлесімділік және сенімділік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Қауіпсіздік — біздің ортақ басымдығымыз.
