Профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында қалалық фтизиопульмонология орталығында қызметкерлер мен келушілер үшін LED-экрандарда маусымдық инфекциялардың алдын алуға бағытталған оқыту бейнематериалдары көрсетіледі. Ақпараттық бейнероликтерде тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу бойынша заманауи шаралар жан-жақты түсіндіріледі: уақытылы вакцинациялау, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, жеке гигиена ережелерін сақтау, бөлмелерді тұрақты желдету, иммунитетті нығайту және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Мұндай ақпарат беру форматы халықтың хабардарлығын арттыруға, сырқаттанушылық деңгейін төмендетуге және медициналық мекеме келушілерінің арасында профилактика мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
