Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпе ауруына қарсы күрес күні (СОӨА)

Бүгін біз еске саламыз: еркін тыныс алу — әр адамның құқығы.

Өкінішке қарай, әлемде миллиондаған адам үшін бұл күнделікті күрес.

СОӨА баяу дамиды және көбіне «жас ерекшелігі», «суық тию» немесе «шеккен темекінің салдары» деп қабылданады.

Ал ерте анықталса — өмір сапасын сақтауға үлкен мүмкіндік бар.

Негізгі белгілері:

  • ұзаққа созылған жөтел
  • физикалық жүктемеде ентігу
  • қақырық

Басты қауіп факторы — темекі, бірақ СОӨА темекі шекпейтіндерде де кездесуі мүмкін.

Бүгін не істей аласыз?

Өкпенің жұмысын көрсететін қарапайым және ауыртпайтын тексеріс — спирометриядан өту.

СОӨП туралы көбірек айтайық.

Еркін тыныс алуға қадам жасайық.

Өкпеңізді қорғаңыз — олар сіз үшін тәулік бойы жұмыс істейді.

 

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-17:00)

+7 701 451 3362 (24/7)