Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу – өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Күз бен қыс – суық тию мен вирустық инфекциялар көбейетін кезең. Денсаулықты сақтау үшін қарапайым, бірақ тиімді алдын алу шараларын сақтау маңызды.

Қарапайым гигиенаны ұстаныңыз – әсіресе көшеден немесе қоғамдық орындардан кейін қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз.

Қолды жумай бетіңізге тигізбеңіз.

Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды бір реттік сулықпен жабыңыз. Айналаңызда ауырған адам болса немесе эпидемиологиялық маусымда халық көп жиналатын жерлерде маска қолданыңыз.

Үй-жайды үнемі желдетіп, ылғалды тазалық жүргізіңіз.

Тұмауға қарсы вакцинация – сенімді қорғаныс, ол ауырмау қаупін төмендетеді және ауыр асқынулардан сақтайды!

Есіңізде болсын: сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда!

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-17:00)

+7 701 451 3362 (24/7)