Қалалық фтизиопульмонология орталығының құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері үшін оқу

Астана қаласындағы Қалалық фтизиопульмонология орталығының құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері үшін оқу.

Астана қаласындағы Қалалық фтизиопульмонология орталығында құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған мониторинг жүргізу үшін Google-кестелерді қолдану бойынша оқу өткізілді.

Оқу барысында қатысушылар екі негізгі кестемен жұмыс істеуді үйренді:

- «Клиникалық хаттамаларды қолдануды мониторингтеу» — пациенттерді диагностикалау және емдеу кезінде клиникалық хаттамалардың қолданылуы мен орындалуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. 

- «Медициналық көмек/қызмет көрсету сапасының көрсеткіштерін мониторингтеу» — медициналық қызметтердің сапасын негізгі тиімділік көрсеткіштері арқылы бақылауға және нақты көрсеткіштерді белгіленген шекті мәндермен салыстыруға мүмкіндік береді.

Мұндай орталықтандырылған мониторинг жүйелерін енгізудің арқасында мамандар медициналық қызметтердің сапасын жылдам бағалап, оны жақсарту бойынша шешімдер қабылдай алады.

Оқу процесстерді цифрландыруды, құрылымдық бөлімшелердің жұмыс тиімділігін арттыруды және орталық пациенттеріне жоғары деңгейде қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің маңызды қадамы болды.

 

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-17:00)

+7 701 451 3362 (24/7)