Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

2025 жылғы 24 қазанда Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонология орталығында» Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке — еліміздің бірлігі мен тәуелсіздігінің, тұрақты дамуы мен өркендеуінің нышаны.

Іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Бұдан кейін Орталық қызметкерлерінің қатысуымен дайындалған мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Сахнада Отанға деген сүйіспеншілік пен елімізге деген мақтаныш сезімін жеткізген әсерлі әндер мен өлеңдер шырқалды.

Мереке аясында өз еңбегінде жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытқан, сондай-ақ елорданың денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосқан қызметкерлер Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды.

Жылы тілектер мен шынайы ризашылыққа толы мерекелік шара қатысушыларға рух пен жігер сыйлап, ел бірлігінің және ортақ мақсатқа адалдықтың маңызын тағы бір еске салды.

Қазақстан Республикасы күні құтты болсын!

Отанымыздың тәуелсіздігі нығайып, еліміз аман, жұртымыз тыныш, еңбегіміз жемісті болсын!

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі:
 607-118 (08:00-17:00)

+7 701 451 3362 (24/7)