Салтанатты шараға елорданың медицина қызметкерлері, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Астана әкімінің орынбасары Ерік Мейрханов, Парламент және қалалық мәслихат депутаттары, салалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кәсіби мерекеге орай еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан медицина қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері "еңбек ардагері", "ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" және "ҚР Денсаулық сақтау үздігі"медальдарымен марапатталды.
Сыйлықтың жеті номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға "Алтын Шипагер" мүсіншесі табысталды.
Сыйлық номинациялары:
- "Медицина флагманы" - қалалық медициналық ұйым;
- "Тірі аңыз" - тәлімгер, жұмыс істейтін ардагер;
- "Медицина үміті" - жас маман;
- "Жедел жәрдем батыры" - жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкері;
- "Мейірімділік әпкесі" - мейірбике;
- "Алтын стетоскоп" — үздік дәрігер;
- "HealthTech-көшбасшы" - қалалық медициналық ұйымның үздік басшысы.
Іс-шараның мерекелік атмосферасын танымал қазақстандық әртістердің қатысуымен концерттік бағдарлама толықтырды.
