Қалалық фтизиопульмонология орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара аясында Мемлекеттік гимн орындалып, тақырыптық викториналар ұйымдастырылды, сондай-ақ еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұранына арналған бейнематериал көрсетілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлер мен орталыққа келушілер арасында патриоттық рухты қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау.
