Центрдің жаңалықтары
Анонс! сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АҚПАРАТ
АНОНС!
Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АҚПАРАТ.
«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ 2025 жылғы 27 наурызда бекітілген Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін (бұдан әрі – СЖТІТ) ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес және 2025 жылға №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» үлгілік негізгі бағытын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 2 маусымынан бастап 14 шілдесіне дейін Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – ҚФО) қызметіне СЖТІТ жүргізілетін болады.
СЖТІТ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19- қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) ҚФО қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) ҚФО ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТІТ дайындау және өткізу барысында мынадай рәсімдер жүзеге асырылатын болады:
- СЖТІТ жүргізу жөніндегі бұйрықты бекіту - 26.05.2025 ж. дейін.;
- 30.06.2025 ж. дейін ҚФО нәтижелерін жария талқылауды интернет-ресурста жариялау.;
- СЖТІТ нәтижелерін жария талқылау – 08.07.2025 ж. дейін.;
- СЖТІТ нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қою - 29.07.2025 ж. дейін.;
- СЖТІТ нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс - шаралар жоспарын әзірлеу-12.08.2025 ж. дейін.;
- 14.08.2025 ж. дейін ҚФО интернет-ресурсында талдамалық анықтама мен іс – шаралар жоспарын орналастыру;
- СЖТІТ қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат дайындау арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мониторингі - талдамалықанықтамаға қол қойылғанкүнненбастапбіржылішінде;
- СЖТІТ қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін жасау - 25.07.2025 ж. дейін.
ҚФО қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібіне қатысты мәселелер бойынша келесі телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 530 99 08 (ҚФО комплаенс-офицері).