2024 жылдың 5 маусымында Астана қаласының ҚФО базасында босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерде анықталған түбіркүлез жағдайларына тергеу жүргізілді. Онлайн және офлайн режимде тергеуге ҚФО директоры - А.Б.Цепке, ҚФО директорының сапаны бақылау жөніндегі орынбасары, ЖАО үйлестірушісі, ҚФО директордың орынбасары, фтизиатр және № 6 қалалық емхананың ЖПД дәрігері қатысты. Науқастың ауру сәтінен бастап түбіркүлез диагнозын анықтауға дейінгі бағыттарға мұқият талдау жүргізілді, проблемалық мәселелер анықталды және түбіркүлезді мерзімінде анықтауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасалды.
