Ұйымдастырушы:Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Астана қаласы, Алмалы ауданы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы.
Коммерциялық ұсыныстарды (ҚҚС-сыз) және қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды келесі дезинфекциялық құрал түрлері бойынша ұсыну қажет:
- Медициналық персоналдың, хирургтардың қолын және операциялық алаңды залалсыздандыруға арналған дезинфекциялық құрал;
- Медициналық жабдықтар мен қиын жететін беттерді өңдеуге арналған бір реттік дезинфекциялық сулықтар;
- Бөлмелерді ағымдағы дезинфекциялауға арналған таблетка түріндегі немесе концентрат күйіндегі дезинфекциялық құрал;
- Бөлмелерді жалпы тазалау және қорытынды дезинфекция жүргізуге арналған дезинфекциялық құрал;
- Медициналық бұйымдарды дезинфекциялауға арналған жуу әсері бар дезинфекциялық құрал;
- Эндоскопиялық жабдықтарды механикаландырылған тәсілмен алдын ала стерилизация алдындағы тазалауға арналған, концентрат түріндегі ферментті дезинфекциялық жуу құралы;
- Эндоскопиялық жабдықтарды механикаландырылған тәсілмен стерилизациялауға арналған дезинфекциялық құрал;
- Медициналық мақсаттағы бұйымдарды, оның ішінде хирургиялық аспаптар мен басқа да бұйымдарды механикаландырылған тәсілмен жуу-дезинфекциялық машиналарда алдын ала стерилизация алдындағы тазалауға арналған сілтілі дезинфекциялық жуу құралы;
- Медициналық мақсаттағы бұйымдарды, оның ішінде хирургиялық аспаптарды механикаландырылған тәсілмен жуу-дезинфекциялық машиналарда өңдеу кезінде сілтілі құрал қалдықтарын бейтараптандыруға арналған дезинфекциялық құрал;
- Биологиялық бөлінділер мен тағам қалдықтарын залалсыздандыруға арналған ұнтақ тәрізді дезинфекциялық құрал;
- Ағынды суларды залалсыздандыруға арналған сұйық концентрат түріндегі дезинфекциялық құрал;
- Медициналық персоналдың қолын өңдеуге арналған дезинфекциялық әсері бар сұйық сабын;
- Кір мен арнайы киімді залалсыздандыруға арналған, ағартқыш және жуу әсері бар (ұнтақ, концентрат және т.б.) дезинфекциялық құрал;
- Ыдыс жуғыш машинада ыдысты автоматты жууға арналған сұйық концентрат түріндегі дезинфекциялық құрал;
- Ыдыс жуғыш машинада ыдысты шаюға арналған сұйық концентрат түріндегі дезинфекциялық құрал.
Коммерциялық ұсыныстарды Астана қаласы, Алмалы ауданы, А1 көшесі, 5-ғимарат, Б блогы мекенжайына немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына 2025 жылғы 5 қарашаға дейін жолдау қажет.
