60-71-22
АНЫҚТАМА
109
CALL CENTER
А1 к., 5 құрылыс
ЖМ "Железнодорожный"

Өмірзақ Ермурат Жамбылұлы — Фтизиоостеолог, жоғарғы санатты дәрігер.

Клиникалық тәжірибеде көрсерілгендей науқас Р. 63 жаста.

Нұр-Сұлтан қаласының «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» өкпеден тыс туберкулезді хирургиялық жолмен емдеу бөліміне түспестен 9 ай бұрын төсек тартып жатып қалған. Төсек тартып жату себебі екі аяғының сезімталдығының жоғалуы жәнеде кіші жамбас ағзаларының функциясының шектелуі себепкер болған (үлкен және кіші дәреттерінің еріктен тыс шығуы). Осы себептерге сәйкес тұрғылықты мекен-жайында омыртқа жотасына МРТ және КТ жасалынған. МРТ және КТ зерттеулерінің нәтижесіне байланысты омыртқа туберкулезіне күдіктеніп, қалалық фтизиопульмонология орталығына құжаттары талқылауға жіберілген.

Медеубаева Гульмира Амангельдиевна — Фтизиатр, жоғарғы санатты дәрігер.

Біз, фтизиатр дәрігерлер, туберкулез диагнозы қойылған кезде осындай жағдайға жиі тап боламыз.

Диагнозды білген адам қатты күйзеліске ұшырайды, оның «Мен неге туберкулезбен ауырдым?, не үшін? және т.б.» деген сұрақ туындайды. Пациент  жұмысын жоғалтады, тіпті от басылары ыдырайды, науқастардан әріптестері, достары, туыстары  аластайды. Осыдан кейін науқас физикалық және психологиялық оқшаулау жағдайына тап болады . Туберкулезге қатысты Стигма-бұл әлеуметтік «таңба». Стигмаға ұшырайтын адамдар ұятты сезінуі, өзін-өзі бағалауын төмендетуі мүмкін және бұл адам ауырған және оған, керісінше, қолдау қажет болған кезеңде!

Стигматизацияға тек науқас ғана емес, сонымен қатар оның отбасы мүшелері де жатады.

Бірақ, стигма аурудың фактісімен емес, ол туралы білімнің болмауымен пайда болатынын ашық мойындау қажет.

Коранова Толкын Омирбековна — Фтизиатр, жоғарғы санатты дәрігер.

Бұл екі сөзді айтқан кезде, олар үйлесімді болмайды деген еріксіз сезім пайда болады.

Шынында да, дені сау баланы тек дені сау әйел дүниеге әкеле алады.

Дегенмен, жүкті әйелде туберкулез анықталған жағдайлар фтизиатр дәрігердің тәжірибесінде кездеседі.  Және бұл әрдайым өте қиын жағдай, себебі әңгіме екі адамның: ана мен баланың денсаулығы мен өмірі туралы болып отыр!

Шынында да, бактерия бөлуші туберкулезбен ауыратындармен байланыста болған жағдайда, жүкті әйелде ауру қаупі жоғары.

Егер жүкті әйелдің жанында (отбасында, туысқандарының арасында, жұмыста) туберкулезбен ауыратын науқас болса, онда жүктілікке байланысты гормоналдық өзгерістер аясында және иммунитеттің төмендеуі кезінде туберкулезбен ауырудың қаупі жоғары.

Шаяхметова Гульден Еркиновна — Фтизиатр, пульмонолог, жоғарғы санатты дәрігер.

Күн сайын біз үйде, жұмыста, қоғамдық көлікте, ойын-сауық орындарында жөтелетін адамдарды кездестіреміз.

Қазіргі кезең осындай!

Бірақ егер жөтелетін адамдармен кездесулерді болдырмау мүмкін болмаса, онда айналасындағыларды жұқтырмау үшін жөтелуді үйрену оңай болады!

Сонымен, дұрыс жөтелу қалай болады?

Барлығымыз жөтел кезінде ауызды қолмен жабу керек деп есептейміз.

new2.png
ҚАЛАЛЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Пациенттерді қолдау қызметі: 607-118
tubdis_astana@mail.ru
© Copyright 2024 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.